Halyq Uni логотип
×

Алматыда құқығы бұзылған тұтынушыларға 100 млн теңге қайтарылды

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті 4 мыңға жуық өтінішті қарады

 Дастан Жұмабекұлы 18.06.2024 | 17:48
Алматыда құқығы бұзылған тұтынушыларға 100 млн теңге қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Биыл жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тұрғындардың 4 мыңға жуық өтінішін қарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы байынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Абдиев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, биыл 5 айда департамент азаматтардың 4 мыңға жуық өтінішін қараған. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша жоспардан тыс 20 тексеру жүргізілген. Сондай-ақ тұтынушыларға 100 918 331 теңге қайтарылып, 102 әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ ол осы уақытта комиссия қызметінің нәтижесі бойынша 17 отырыс өткізілгенін және тиімсіз делдалдар түріндегі заң бұзушылықтардың 202 фактісі анықталғанын атап өтті. Нәтижесінде жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты 186 әкімшілік хаттама толтырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама