Атырау облысында балықшы айыппұл арқалады
Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды
Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында балық аулау қағидаларын бұзған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сотта анықталғандай, ол балық аулау қағидаларын өрескел бұза отырып, Жайық өзенінде тыйым салынған аумен балық аулаған. Оның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен расталды.
Сот қаулысымен О. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, балық аулау құралы тәркілене отырып, оған 51 688 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.