Halyq Uni логотип
×

Таразда АЭС салуға қатысты талқылау өтті

Жаңа сала экономиканы дамытуға мүмкіндік береді

 Дәурен Ерболат 18.06.2024 | 17:17
Таразда АЭС салуға қатысты талқылау өтті
Фото: Энергетика министрлігі

Таразда елімізде АЭС салуға қатысты көпшілік талқылауы өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Жария талқылауға тұрғындар, жергілікті қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы, Ядролық физика институты, облыстық және қалалық мәслихаттар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, энергетиктер, университет студенттері, оқытушылар мен ғалымдар, саяси партиялар мен этномәдени бірлестіктер филиалдарының басшылары және тағы басқалары қатысты.

Спикерлер бүгінде Қазақстанда атом энергетикасын дамыту маңызды екенін атап өтті.

Елімізде АЭС салу экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға, ғылымды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайту есебінен экологиялық жүктемені төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға және тағы басқа мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама