×

Шымкентте білім басқармасы бастығының орынбасары жауапқа тартылды

Прокуратура 100 кәсіпкердің құқығын қорғады

 Динара Амантай 18.06.2024 | 16:44
Фото: Halyq Uni

Қала прокуратурасы қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссия шешімінің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау барысында комиссия құрамының дұрыс құрылмағаны, құжаттардың өтініш берушілердің қатысуынсыз қаралғаны, кәсіпкерлердің құқығын шектейтін негізсіз бас тарту сипатында шешім қабылданғаны анықталды.

Қадағалау актісі бойынша хаттамалық шешімінің күші жойылып, конкурсқа негізсіз жіберілмеген 100 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Заңбұзушылықтарға жол берген білім басқармасы бастығының орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жауапткершілікке тартылды.

Қазір мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қайталама конкурс өткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама