Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Ол бұған дейін Көлік министрлігінде департамент директоры қызметін атқарған
Көлік министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Дархан Маратұлы Қатышев 1983 жылы Ақмола облысының Ерейментау қаласында туған. 2020 жылы Азаматтық авиация академиясын «Авиациялық инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2004 жылы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Еңбек жолын 2004 жылы ішкі істер органдарында бастаған. 2008-2009 жылдары Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінде сарапшы, бас сарапшы, 2009-2019 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы, 2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көлік министрлігі Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры қызметін атқарды.