Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында алимент төлемеген адам сотталды

Борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 18.06.2024 | 16:03
Ақмола облысында алимент төлемеген адам сотталды
Фото: gov.kz

Ақмола облысының Астрахан ауданында алимент төлеуден жалтарып жүрген 2 борышкер Қылмыстық Кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Борышкерлердің кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды. Мысалы, борышкер Р. 2019 жылдан бастап алимент төлемені үшін Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның берешегі 5 млн теңгеден асқан. Алайда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлемей жүрген. Ал борышкен Н.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.

Еске сала кетсек, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам уақыт орындамағаны үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген. Алиментті уақтылы және толық төлеу – әр ата-ананың парызы. Бұл міндеттің іске асырылуын прокуратура органдары ерекше бақылауда ұстайды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама