2-4 шілде аралығында мемлекеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді
Биыл 3-4 шілдеде елордада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты балабақшалар жұмыс істемейді, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Сондықтан қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
2-4 шілде аралығында қазақстандықтарға ыңғайлы болуы және қаладағы жолдарда кептеліс болмас үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторлардағы қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Сондай-ақ 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, биыл 3-4 шілдеде елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетіні хабарланған еді. Ақорда мәліметінше, жиынға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысады. Олар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.