×

Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Теннисші финалда бельгиялық Йорис Де Лоренді жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 18.06.2024 | 15:14
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бейбіт Жұқаев теннистен Ұлыбританияның Илкли қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу жарысында жақсы ойнап, негізгі кезеңге шықты.

Ол әуелі әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фариямен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қарсыласын 6:3, 6:7 (5:7), 6:1) есебімен жеңді.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоренмен ойында да 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама