Қазақстан Азия чемпионатында 30 жүлде алды

Дастан Жұмабекұлы

Ескекшілердің қоржынында 11 алтын, 7 күміс пен 12 қола бар

Фото: Саил Сабиров

Таиландтың Районда қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэ есуден өткен Азия чемпионатында еліміздің спортшылары 30 жүлдені жеңіп алды.

Спортшылар құрлықтық додада сәтті өнер көрсетті.

Ескекшілеріміздің қоржынында 11 алтын, 7 күміс пен 12 қола жүлде бар.

Азия чемпионатына барлығы 17 елдің спортшылары қатысты.