×

АҚШ-та қарулы топтар арасында атыс болып, екі адам қаза тапты

Оқиға Құлдықтан азат ету күні Раунд-Рок қаласындағы Old Settlers саябағында болған

 Дастан Жұмабекұлы 18.06.2024 | 13:41
Фото: Belkin Alexey/news.ru

АҚШ-та қарулы топтар арасында атыс болып, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Оқиға Раунд-Рок қаласындағы Old Settlers саябағында Құлдықтан азат ету күні аталып өтіп жатқанда болған. 

Онда екі топ арасында жанжал шығып, сол кезде топтың арасынан шыққан біреу қарсы топқа оқ жаудырған. Оқиға орнында 2 адам қаза тапқан. Бірақ полиция олардың төбелеске қатысы жоқтығын мәлімдеді. 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, әзірше атысқа қанша адамның қатысы бар екені туралы толық мәлімет жоқ.

Атыстан 6 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама