Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды

Динара Амантай

Олардың көпшілігінің жеке басын растайтын құжаты жоқ

Фото: polisia.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, заңсыз жүрген шетелдіктер қаланың түрлі нысандарында заңсыз жұмыс істеп жүр.

Кеше қаланың орталық бөлігінде жергілікті рейд жүргізілді. Барлығы 40 шетелдік ұсталды. Олардың көпшілігінің жеке басын растайтын құжаты жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, мәселе көршілес шекаралас мемлекеттердің азаматтарына қатысты болып тұр. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша, олар қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Келесі кезекте оларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналатын болады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.