Halyq Uni логотип
×

Министр 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты

2027 жылдың соңында салаға салынатын инвестиция 450 млрд теңгеге жетеді

 Дәурен Ерболат 18.06.2024 | 10:51
Министр 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты
Фото: Halyq Uni

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елімізде 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Kcell және Tele2 Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады. Бүгінде 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестиция көлемі 450 млрд теңгеден асады, - деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр мобильді интернетке қосылмаған ауылдар барын жеткізді.

Бүгінде 1 424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. Ұялы байланыс операторларын ынталандыру үшін министрлік жаңа Салық кодексіне радиожиілік спектріне салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1 076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделді, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама