Halyq Uni логотип
×

Автобус жүргізушілерін рейс алдында тексерістен өткізудің автоматты жүйесі іске қосылды

Ол жүйе қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқаруға жол бермейді

 Динара Амантай 18.06.2024 | 10:56
Автобус жүргізушілерін рейс алдында тексерістен өткізудің автоматты жүйесі іске қосылды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде автобус жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқаруға жол бермейді.

Жүргізушілерге арналған кешенді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексерістен өткізумен айналысатын ұйым ұсынады.

Бүгінде жеке инвестициялар есебінен сатып алынған автоматтандырылған жүйе Павлодар қаласындағы №1 автобус паркінде істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама