Halyq Uni логотип
×

Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтырылады – Антикор

Бұған дейін спорт кешені жекеменшікке 128 млн теңгеге сатылған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 18.06.2024 | 10:28
Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтырылады – Антикор
Фото: sxodim.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша депатраментінің басшысы Дәурен Ерғарин сот үкімімен Мұз сарайын сатып алу және сату шартының күші жойылғанын хабарлады.

Департамент қала прокуратурасымен бірігіп, Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биыл 27 мамырда бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін жеке меншікке 128 млн теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, – деді Дәурен Ерғарин.

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласы әкімдігі қаладағы ең ірі спорт кешенін 128 млн теңгеге сатып, Мұз сарайының 67 пайызы ел Үкіметінің қаулысына сәйкес әкімдіктің үлесінде болып келген еді. Электронды аукцион арқылы саудаға шығарылған нысанның бастапқы бағасы 996 млн 900 мың теңге болатын. 

Мұз сарайы – Шымкенттегі қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік беретін жалғыз орын. Бірақ мемлекетке үлкен спорт кешенін қамтамасыз ету оңайға соқпады. Соңғы 3 жылда нысан 40 млн теңге шамасында зиян шеккен. Мекеме басшысы мұны коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуімен байланыстырған болатын.

Енді Мұз сарайы мемлекет меншігіне беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама