Прокуратура табиғатты қорғау заңнамасы саласында тексеру жүргізді
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау заңнамасы саласында жүргізген тексеру шеңберінде осы жылдың 5 айында бюджетке 15,2 млрд теңгеден астам қаражатты өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жер қойнауын пайдаланушы экологиялық рұқсатсыз 5 млн текше метр көлемінде шикі (күкіртті) газдың қалыптан тыс жоғары көлемін жағуға жол берген. Прокурорлық қадағалау шараларымен кінәлі азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 1-бөлігі («Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу») бойынша жауапқа тартылып, оған 12,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Экологиялық заңнама талаптарын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.