×

Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен экс-судья өлі табылды

Германиялық басылымның жазуынша, әйелдің мәйіті Германияның батысындағы Бенсхайм қаласының шетінде табылған

 Халық үні 17.06.2024 | 19:50
Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен Айгүл Сайлыбаева өлі табылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды.

Ол 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апармақ болып шыққан күйі жоғалып кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Сайлыбаеваның Германияға жеткен туыстары қара пакетке салынған мәйіт табылғанын, бірақ полиция кімнің мәйіті екенін айтпағанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама