×

Нұрәлі Әліпке «ПСЖ» мен «Манчестер Ситиден» ұсыныс түсті – Қайрат Боранбаев

Футболшының трансферлік нарықтағы құны – 3 миллион еуро

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2024 | 15:33
фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық футболшы Нұрәлі Әліпке франциялық «ПСЖ» және англиялық «Манчестер Сити» командаларынан ұсыныс түскен. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев блогер Артур Асқарұлына берген сұхбатында айтты.

Бізде «ПСЖ» және «Манчестер Ситиден» ұсыныс бар. Жалпы, ортақ әңгіме деуге болады. Басқа клубтардан да ұсыныстар түсіп жатыр, - деді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, қазір Нұрәлі Әліп ресейлік «Зенит» футбол клубында ойнайды. Ол осы маусымда 37 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сондай-ақ Ресей чемпионы атанды және ел кубогын жеңіп алды.

Нұрәлі – Ақтаудың тумасы. 8 жасынан бастап «Каспий» академиясында футболмен айналысқан. 2015 жылы «Қайрат» академиясына ауысып, арада 3 жыл өткен соң осы клуб сапында алғаш рет алаңға шықты.

Футболшы «Қайрат» сапында жалпы есебі 99 матч өткізген. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның трансферлік нарықтағы құны – 3 миллион еуро.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама