Halyq Uni логотип
×

Аттестатты цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады

Қазір мобильді қосымшада биылғы түлектердің құжаттары қолжетімді

 Динара Амантай 17.06.2024 | 14:51
Аттестатты цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір мобильді қосымшада биылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді. Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

  • 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
  • 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасып жатыр:

  • 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
  • 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Бұл – түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама