Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында тіркелген қылмыс саны азайды

Өңірлік ПД-да 5 айда атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында жиын өтті

 Динара Амантай 17.06.2024 | 14:32
Түркістан облысында тіркелген қылмыс саны азайды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полициясы 5 айда атқарылған жұмысты қорытындылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен биылғы 5 айда атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында жиын өтті. Оған барлық қалалық, аудандық полиция басқармасы, бөлімінің басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Құрметті әріптестер! Қылмыссыз қоғам құру жолында баршамыз бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Осы ретте назарымызды бірінші кезекте ел президенті мен Ішкі істер министрі ден қойған жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауға, алаяқтық, мал ұрлығы, жол-көлік оқиғаларын азайту, қарумен болатын қылмыстарға жол бермеу бағытында профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырамын, – деді Мұрат Қабденов.

2024 жылдың 5 айында Түркістан облысында тіркелген қылмыс өткен жылға қарағанда айтарлықтай төмендеді. Атап айтқанда, ұрлық қылмысының тіркелімі 38.2%, пәтер ұрлығы 45.2%, мал ұрлығы 46,6% азайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама