×

Қазақстандықтар тозған көліктерді мініп жүр

Көліктердің 44%-ы әбден ескірген

 Дәурен Ерболат 17.06.2024 | 13:21
Фото: Halyq Uni

Еліміздегі тұрғындардың жартысына жуығы тозған көліктерді мініп жүр. Оған Ұлттық стастика бюросы жариялаған деректер дәлел, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны – 5 млн 442,9 мың.

Оның ішінде:

  • 88%-ы – жеңіл автокөліктер;
  • 9,9%-ы – жүк көліктері;
  • 2,1% – автобустар.

Былтыр 1 млн 191,3 мың жаңа көлік тіркелді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 1,6 есе көп.

2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың автокөлік қойылды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,9% кем. Оның ішінде автомобильдер 8,6%, жүк көліктері 2,9% азайған, ал автобустар 15,3% артқан.

Елімізде көліктің пайдалану жылы төмендегідей:

  • 20 жылдан асқан – 44,8%;
  • 10 жылдан 20 жылға дейін – 23,6%;
  • 7 жылдан 10 жылға дейін – 12,7%;
  • 3 жылдан 7 жылға дейін – 12,7%;
  • 3 жылға дейін – 6,2%.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама