×

Теннисші Айя Нұпбай ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды

Тағы бір спортшымыз София Исакова Қырғызстанда бас жүлдені жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2024 | 12:29
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Айя Нұпбай жұптық сында Алматы қаласында өткен ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды. 

Ол ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда Полина Слепцова мен америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Тағы бір теннисшіміз София Исакова жекелей сында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында болған ITF J60 Juniors турнирінде отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды. Бұл матчтағы есеп 6:1 болып аяқталды.

Бір апта бұрын Шолпан-Атада София Исакова жекелей сында ITF J30 турнирінде жеңімпаз атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама