×

«Астана-Зеленстройдың» бұрынғы бас директоры қамауға алынды

Антикор сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 17.06.2024 | 10:10
Фото: видеодан скриншот

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС-ның бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 млн теңге көлемінде пара беруге итермелеуге және алаяқтық жасауға оқталды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ ол Астана қаласы жергілікті атқарушы органдарының тапсырысымен көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру арқылы өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, биыл Астана әкімдігі қаланы көгалдандыру жұмыстарына 40 млрд теңге бөліп отыр. Бұл ақшаға қалада 1 млн түптен астам жасыл желек отырғызылады. Тіпті 1854 көшетті Германиядан сатып әкелмек. Бір көшеттің құны – 350 мың теңге. Осылайша Еуропадан көшет сатып алуға 650 млн теңге жұмсалып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама