Зеленский Ресейді ЮНЕСКО-дан шығарып тастауды талап етті
Монастырьда 300 бейбіт тұрғын, соның ішінде 60 бала болған

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің Святогор лаврасын атқылағаннан кейін РФ-ны ЮНЕСКО-дан шығарып тастауды сұрады. Бұл туралы 3.nhk.or.jp хабарлады.
Ресей армиясы артиллериядан атқылағаннан кейін ағаштан жасалған Жоғары әулиелі Святогор лаврасы өртеніп кетті.
Зеленский басқыншылардың Донецк облысындағы тарихи монастырьды қиратқаны үшін айыптап, Ресейді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымынан (ЮНЕСКО) шығарып жіберу керектігін айтты.
Ол әлеуметтік желіде Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропаның бірде-бір елінде мәдени мұраның жойылмағанын атап өтті.
Оның айтуынша, алғаш рет Кеңес заманында бұзылған скит бұрын бір жөндеуден өткен. Енді Ресей армиясы оны біржолата құртып жіберді.
Осыған байланысты ол оккупанттардың қандай нысандарды атқылап жатқандарын жақсы білетіндерін, соның ішінде Святогор лаврасы аумағында ешқандай әскери мақсаттағы нысанның болмағанын білетіндерін атап көрсетті.
Олар монастырьда атқылаудан 300 бейбіт тұрғынның, соның ішінде 60 баланың тығылғанын білді. Соған қарамастан, Лавраны тура Донбасс секілді ерсілі-қарсылы атқылаумен болды. Оларға бәрібір болып тұр ғой, – деді ол.
Владимир Зеленский Ресейдің Украинада отқа оранған әрбір шіркеу, әрбір мектеп, қиратылған барлық мемориалдары үшін жауап беретінін айтып, Жоғарғы Рада ЮНЕСКО-ға үндеу жолдап, РФ-ны осы халықаралық ұйымнан шығаруды талап еткенін еске салды.