×

7,4 мыңнан аса түлек «Алтын белгі» алды

Биыл 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады

 Динара Амантай 17.06.2024 | 09:37
Фото: Halyq Uni

Биыл 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7 420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған. Құжатты енді Egov Mobile қосымшасынан алуға болады.

Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, – делінген министрлік ақпаратында.

Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжатын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Әбдісатарқызы мен «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов (Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры) Halyq Uni подкастында қонақ болып, ҰБТ төңірегіндегі соңғы өзгерістер жайлы әңгіме қозғады.

ҰБТ-ға дайындықты қашан және қалай бастаған дұрыс? Тест тапсырушы телефон мен «шпаргалка» алып кірген жағдайда не болады? Талапкер орнына бөгде адам кірсе ше? Талапкер жеңіп алған грантынан қандай жағдайда айырылып қалуы мүмкін? Осы және өзге де сұрақтарды әңгімеге арқау етіп, сарапшылар пікірін ортаға салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама