Төлем 66,5 мың отбасына тағайындалды
1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минситрлігінің мәліметінше, биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды іске асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.