×

Елордада 16 автобустың жүру бағыты өзгерді

Тұрғындар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс

 Дәурен Ерболат 17.06.2024 | 09:15
Фото: CTS

CTS компаниясы Астанада жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 16 автобустың өзгергенін хабарлады.

Елордадағы жол жөндеу жұмысы аяқталғанға дейін №10, 12, 29, 29А, 32, 37, 40, 46, 51, 57, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, - деп жазылған хабарламада.

Маршруты өзгерген автобустардың сызбасын сілтемеге өтіп, көре аласыз.

Сондай-ақ бүгін таңертең №201, 203 автобустарының қозғалыс бағыты да өзгерді.

Сапарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама