Атырау тұрғынына әлеуметтік желідегі сурет үшін айыппұл салынды

Халық үні

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды

Фото:depositphotos.com

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды, деп хабарлады Атырау облыстық соты. 

Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу» бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

А-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды, - делінген сотта.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді