Референдум күні елордада 65 бала дүниеге келді
Қанша ұл, қанша қыз туғаны да белгілі болды
Референдум күні астанада 65 бала дүние есігін ашты, деп хабарлады Нұр-Cұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
«Оның 36-сы – ұл, ал 29-ы – қыз», – дейді басқарма.
Аталмыш деректер тек қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарының ақпаратына сәйкес ұсынылған.
Жалпы, Қазақстанда 8 миллионнан астам адам референдумда дауыс берді. Бұл – сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 68,44%-ы.
Ақтөбеде дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды. Балалар күні: Елімізде қыздарға қарағанда ұлдар көп. 1 маусымда елордада қанша бала дүниеге келді?