Көлік азық-түлік тауарларын апара жатқан
Өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе облысының аумағында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автожолдың 270 шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ күштері отты жойды. Зардап шеккендер жоқ. Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыздар, – деді ведомство.
Жыл басынан бері 164 көлік отқа орынды. Қостанай облысында бір күнде екі көлік өртенді.