Астанада Мәңгілік ел даңғылы жарты айға жабылды
Қазір қаланың бірнеше көшесі жабық тұр
Елордада Мәңгілік ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.
Осыған байланысты, 16 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады, – дейді әкімдік.
Қала тұрғындары және қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Астанада жаңа автобус жолақтары пайда болады. Елордада жүргізушілерге Bus lane жолағымен жүруге рұқсат етілді.