Зардап шеккендер бар
Орал қаласында мал союға арналған орында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оқиға жергілікті базарлардың бірінде болды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Зардап шеккендер бар. Әртүрлі күйіктері бар науқастар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, – дейді ведомство.
«Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғаларға әкеледі. Сақ болыңыздар!», – деп ТЖМ халықты ескертті.
Арыста жарылыс болды: қаза тапқандар бар. Ұлытау облысында ас беріліп жатқан үйде жарылыс болды.