×

Ресей Украинада тағы бір қолбасшыдан айырылды

Әзірше 11 генералдың көзі жойылды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 11:53
фото: espreso.tv

Донбастағы Артемовск – Лисичанск трассасы бойында жүрген ұрыс қимылдары кезінде Ресейдің генерал-майоры Роман Кутузов қаза тапты. Бұл туралы УНИАН хабарлады. Ақпаратты InformNapalm растады.

Бұл жайында Ресейдің ақпарат құралдары мен халықтың әлеуметтік желісіндегі посттарда да жазылып жатыр. Қайғы жұтқан халық осымен Украина жерінде он бірінші генералдың қаза тапқанына сене алар емес.

Алайда, РФ генералының қандай жағдайда қаза тапқаны ашып айтылып жатқан жоқ. Материалдың көбінде тек қана «солдат сияқты еді, жауынгер сияқты болып кетті» делінген.

Бұған дейін АҚШ барлау қызметі мамыр айының басында Украинада 8-10 ресейлік генералдың опат болғанын хабарлаған еді.  Бірақ, бұл цифр нақты емес. 24 мамыр күні Украина Қарулы күштері Су-25 ұшағымен жауынгерлік тапсырма орындауға шыққан генерал-майор Канамат Боташевті жойып жіберді.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресейдің Украинада қаза тапқан және жарақат алған әскерилерінің саны 80 мыңға жететінін айтып отыр.

Қолда бар мәліметке қараеғанда, Украинада Ресейдің төмендегі генералдары қаза тапты:

генерал-лейтенант Мордвичёв Андрей Николаевич – 8-гвардиялық жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 18 наурыз;

генерал-лейтенант Рязанцев Яков Владимирович – 19-жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 25 наурыз;

генерал-майор Колесников Андрей Борисович – Шығыс әскери округі 29-жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 11 наурыз;

генерал-майор Фролов Владимир Петрович – 8-армия қолбасшысының орынбасары, 16 сәуір;

генерал-майор Герасимов Виталий Петрович – Орталық әскери округі 41-жалпы әскерлер армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары, 8 наурыз;

генерал-майор Суховецкий Андрей Александрович – Орталық әскери округі 41-армиясы қолбасшысының орынбасары, 1 наурыз;

генерал-майор Митяев Олег Юрьевич – 150-мотоатқыштар дивизиясының командирі, 16 наурыз;

генерал-майор Тушаев Магомед Салаудинович – Шешенстан ұлттық гвардиясы 141-моторлы полкының командир, 26 ақпан;

генерал-майор Симонов Андрей Дмитрович, Батыс әскери округі Радиоэлектронды күрес әскерлерінің бастығы, 29 сәуір;

генерал-майор Боташев Канамат Хусеевич, отставкада, 22 мамыр;

генерал-майор Кутузов Роман Владимирович, Шығыс әскери округі 29-шы жалпы әскерлер армиясы штабының бастығы, 5 маусым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болды
02.10.2022 | 14:22

Аймағамбетов мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады

Білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог еңбек етеді
02.10.2022 | 13:07

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.
02.10.2022 | 12:04

TikTok Қазақстанда өкілдігін ашады

Компания вице-президенті қазақстандық контентті өте сапалы деп бағалады
02.10.2022 | 11:01