Halyq Uni логотип
×

16 маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады

 Халық үні 16.06.2024 | 08:29
16 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 16 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады, найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі, еліміздің шығысында – қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен орталығында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашы,сыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық сақталады, Қызылорда облысында қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысы, шығысында  жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама