Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған.
Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болды, деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған.
«Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.
ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.