×

Атырау облысындағы тасжолда жасырын камера қойылған полиция көлігі көзге түсті

Бұл құрылғы «Оракул инсайт» деп аталады

 Халық үні 15.06.2024 | 22:38
Фото: azh.kz

Атырау облысындағы тасжолда жүргізуші ерекше жабдықталған полиция көлігін байқады. Ол қарапайым жол талғамайтын көлікке ұқсайды және ешқандай ІІМ сыртқы сәйкестендіру белгілері, жарық шамдары жоқ. Көлік ішіндегі камераны зейін салып қараған жүргізушілер ғана байқай алады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.

Портал бұл құрылғы «Оракул инсайт» деп аталатынын жазды. Атырау облысы ПД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жол ережесін бұзғандарды байқатпай анықтауға мүмкіндік беретін бейнежазбаның жаңа түрі. Көліктер облыстың тек тасжолдарында жүреді, қазіргі уақытта олардың екеуі бар.

Бұл заңды ма деген портал сұрағына ПД ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы №10 бұйрығына сәйкес барлығы заң аясында деп жауап берген.

Онда жарық шамдарсыз және полиция нөмірі жоқ қызметтік көліктерде бейнежазба жүргізуге рұқсат етілгені айтылған. Бұның мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады және бұл профилактикалық мақсатта жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама