Ақмола облысында бірнеше мектептің былығы ашылды
Оларға 4,5 млн теңге айыппұл салынды
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 4,5 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Аудан прокуратурасы мамандарды тарта отырып, жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың сақталуын тексерді. Қазақстан Конституциясының 27-бабына сәйкес, балалық шақ мемлекеттің қорғауында, деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.
Тексеру барысында білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығының сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) сәйкес келмеуінен көрініс тапқан көптеген санитарлық ережеге қатысты заң бұзушылықтардың болуы, калориясы жоғары дайын тағамдардың болуы, жұмысқа рұқсат көрсетілген медициналық кітапшалардың болмауы және т.б. анықталды, – дейді ведомство.
ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша, 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, олар әкімшілік жауапқа тартылды. Білім беру объектілерінде қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған заң бұзушылықтар жойылды.
Жезқазғандағы мектепке дейінгі ұйымдарға тексеру басталды – Антикор. Петропавлда аутизмге шалдыққан балалар жертөледе оқуға мәжбүр.