Halyq Uni логотип
×

Өзбекcтанда 4 мың жыл бұрынғы көне бейіт табылды

Сонымен бірге 2 мың жыл тарихы бар қаланың орны көрінді

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2024 | 15:23
Өзбекcтанда 4 мың жыл бұрынғы көне бейіт табылды
Фото: uza.uz

Өзбекстан Республикасында жергілікті және қытай археологтары Сұрхандария облысынан 4т мың жыл бұрынғы көне бейітті тапты, деп хабарлады uza.uz.

Мәдени мұра агенттігіне қарасты Яхё Ғұломов атындағы Самарқанд археологиялық институты мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс университеті арасында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, биыл 16 сәуірден бастап екі елдің археологтары Сұрхандария облысының «Узун» ауданында орналасқан «Чинортепа» ескерткішінде қазба жұмыстарын бастады.

Экспедиция кезінде ғалымдар 4 мың жылдық қабірлер мен 2 мың жылдық қала қирандыларын тапты. Археологтардың пікірінше, табылғандар қаланың қирандасы мен көне бейіттер қаңлы, кушан және юечжи (массагет) дәуіріне, яғни біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың III ғасырына дейінгі уақытта салынған.

Қазір Өзбекстан мен Қытай бірлескен экспедициясы осы бағытта ғылыми зерттеулерді жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама