Halyq Uni логотип
×

Еуропалық Одақ Мажарстанға ірі көлемде айыппұл салды

Еуропаның заңнамасын өрескел бұзған, - делінген хабарламада

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2024 | 15:05
Еуропалық Одақ Мажарстанға ірі көлемде айыппұл салды
Фото: Olivier Hoslet / EPA / ТАСС

Еуропалық Одақ Мажарстанға ірі көлемде айыппұл салды.

Euronews-тің мәліметіне қарағанда, Еуропалық Одақ Мажарстан Республикасына мигранттарды қабылдаудың жалпы ережелерін бұзуға қатысты бұрынғы сот шешімдерін орындаудан бас тартып, кешіктірілген әрбір күн үшін 1 млн еуро төлеуге міндеттеді.

Еуропалық заңнаманы өрескел бұзу бұрын-соңды болмаған. Еуропалық Одақтың Әділет соты Мажарстанға 200 млн еуро және кешіктірілген әрбір күн үшін 1 млн еуро айыппұл төлеуге үкім шығарды, – делінген хабарламада.

Еуропалық Одақ – құрлықтағы 27 мемлекеттің саяси және экономикалық одағы. Аумағы – 4 233 255 шаршы шақырым. Халқының саны – шамамен 447 млн адам.

Еуропалық Одақ еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951 жылы осы ұйым Еуропалық Одақтың құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым «Ортақ нарық» деп те аталады), сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама