Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына арналып отыр
Түркістан облысында бокстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды.
Боксшылардың жас дәрежесінде салмақтардың өзгеруіне байланысты Алматыда 5-9 шілде аралығында қосымша іріктеу турнирі өтеді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа құрам жасақталады.
Команда 6-20 тамыз аралығында Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық орталығында қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына арналып отыр. Тамыз айында жасөспірімдер Әбу-Дабидегі (БАӘ) құрлықтық чемпионатқа қатысады.
Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы – Жақсылық Молдаханов.