×

Бокстан жасөспірімдер командасының жаңа құрамы жасақталады

Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына арналып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2024 | 13:55
Фото: olympic.kz

Түркістан облысында бокстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Боксшылардың жас дәрежесінде салмақтардың өзгеруіне байланысты Алматыда 5-9 шілде аралығында қосымша іріктеу турнирі өтеді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа құрам жасақталады.

Команда 6-20 тамыз аралығында Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық орталығында қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына арналып отыр. Тамыз айында жасөспірімдер Әбу-Дабидегі (БАӘ) құрлықтық чемпионатқа қатысады.

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы – Жақсылық Молдаханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама