×

Қазақстан теннисшілері «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты

Кукушкин мен Попко келесі айналымға жолдама алды

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2024 | 12:34
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко теннистен Ұлыбританияның Ноттингем қаласы мен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Кукушкин Ұлыбританиядағы жарыста екінші айналымда франциядық Гарольд Майоны 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді.

Попко Братиславадағы турнирде хорватиялық Матей Додигтен 6:1, 6:4 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда польшалық теннисшімен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама