Halyq Uni логотип
×

Кувейтте тұрғын үйде 40-тан аса адам өртеніп кетті

Тағы ондаған адам ауруханаға жеткізілген

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2024 | 11:30
Кувейтте тұрғын үйде 40-тан аса адам өртеніп кетті
Фото: novostnoy.ru

Кувейттің оңтүстігіндегі Мангоф қаласындағы тұрғын үйден өрт шығып, 41 адам қаза тапты.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, шейх Фахад Юсуф Соуд әл-Сабах хабарлады. Ол жылжымайтын мүлік иелерін құрылыс нормаларын бұзды деп айыптады.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, тағы 40-қа жуық адам медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар мен тергеушілер зардап шеккендерді іздеуге кірісті.

Зақымданған ғимараттың иесі қамауға алынды.

Полиция ғимараттың жұмысшылар үшін жатақхана ретінде пайдаланылғанын, өрт шыққан кезде тұрғын үйде көп адамның болғанын айтты.

Қаза тапқандардың көбі көмірқышқыл газынан уланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама