Halyq Uni логотип
×

«Өзімді кінәлі қылып қойды»: әнші Ғазизхан Шекербек күйінді

Әнші Ғазизхан Шекербек Шымкентегі концерті өтпей қалғанына күйінді

 Халық үні 14.06.2024 | 07:45
«Өзімді кінәлі қылып қойды»: әнші Ғазизхан Шекербек күйінді
Фото: instagram.com/gazizkhan

Әнші Ғазизхан Шекербек Шымкентегі концерті өтпей қалғанына күйінді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қымбатты менің Шымкент қаласындағы тыңдармандарым, 26.06 күні Tulip hall залында өтетін концертіміз кейінге шегерілді. Себебі, жаңа концерт залдың жарық пен дыбысқа байланысты кей жерлері 26-на дейін дайын болмай тұр. Менде де көңіл күй жоқ. Кінә біздің тарапымыздан емес. Түркістан сарайына ауыстыра салайық деген ұсыныс бар, бірақ бізде қазірдің өзінде 1300-дей билет сатылып кеткен. Олардың орнын басқа залға келтіріп жайғастыру мүмкін емес. Реніш, көңіл-күй бұзылу дегендей,сіздерді олай әбіржіткім келмейді. Кешірім өтінемін! Алда бәрі нақты дайын болғанда күнін белгілеп айтармыз. Алынған билеттер толықтай қайтарылады. Қаншама жасалған еңбегіміз дәл қәзір бос кетті», - деп жазды ол.

Кейінірек ол Instagram-дағы сторисінде жауапты адамдар кінәні өзіне арта салғанын да жазды.

«Концертке қатысты жауапты және уәде еткен еткен адамдарға өкпем қара қазандай... Енді келіп «Біз рұқсат жоқ деп айтпадық, өзі неге тоқтатты?» деп өзімді кінәлі қылып қойғандарына күйініп отырмын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама