14 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады. Қостанай облысында қатты ыстық күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР территориясының басым бөлігініне тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, еліміздің шығысында және орталығында – қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша оңтүстікте шаңды дауылмен желдің күшеюі, түнде қиыр солтүстік тұман күтіледі.
Күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады. Қостанай облысында қатты ыстық күтіледі.
Ұлытау, Жамбыл облыстарында, Алматы, облысының солтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісу облысының батысында, солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының орталығында, батысында, Қостанай обысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.