Ол Forbes Kazakhstan арнасына сұхбат беріп, кәсібі мен отбасылық өмірі туралы сырын ақтарды
Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызымен отбасылық қарым-қатынасы қандай екенін айтты.
Ол Forbes Kazakhstan арнасына сұхбат беріп, кәсібі мен отбасылық өмірі туралы сырын ақтарды.
«Отбасылық өмірді берік ұстап тұру үшін, екі тарап та бірдей еңбектенуі керек. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен шаршайтын кезі болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтерген кезде менің қолымда ештеңе болмады. Бәрін тартып алғанын білесіздер. Бизнесмен емес, қарапайым адам ретінде өмір сүріп көрдім. Спортпен айналыстым. Көбірек саяхаттадым. Кітап оқыдым. Өзім көбірек оңаша қалып, жұмыс істедім. Бизнестің соңында жүргенде мұның бірін де істеуге уақыт болмайтын еді. Одан кейін әйеліммен көбірек уақыт өткіздім. Баян Мақсатқызы – өте көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта «ойнай» бастаймын. Ол – ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Шыққан әулетін де бүкіл халық біледі. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Журналист болғандықтан, адаммен кез келген тақырыпта еркін сырласа алады. Актриса болғаны үшін түрлі образға ене алады. Сонысымен мені баурады», – деді кәсіпкер.