×

Абай облысында оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші көз жұмды

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 13.06.2024 | 20:42
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бүгін, 13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама