Молдовадан ұйымдасқан топтың өкілі экстрадицияланды
Ұсталған әйел алаяқтықпен айналысқан
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратура.
Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа адамдарымен бірге оңай жолмен ақша табу үшін жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықпен айналысқан.
Оның рөлі – қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алып, сату, тапсырманы орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді ұсыну болған.
Қылмыстық топ салық төлемей, мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келтірген.
Бұл қылмыстық топтың жартысы ұзақ мерзімге сотталған. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып жүрген. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.
Биылғы жылдың мамыр айында ол Молдова Республикасында ұсталды, – делінген хабарламада.
Бас прокуратурасының сұрау салған соң, Молдова күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазір ол Алматы қаласының тергеу изоляторында отыр.
Енді оның барлық мүлкi тәркiленеді. Ол он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.