Оған арнайы бағдарлама орнатылады
Елімізде шегірткеге қарсы күресу үшін дрондар сатып алынады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның пікірінше, келесі жылы шегірткенің таралу аймағы азаяды.
2025 жылы Қазақстанда шегірткенің таралу аумағы азаяды деп үміттенемін. Енді олардың таралу аймағы 2,5 млн гектар емес, одан да аз болады. Осыған күш салып жатырмыз, - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Вице-премьер зиянкестерге қарсы күресте дрондар пайдаланылатынын жеткізді.
Тиісті жабдықтарды сатып аламыз. 2025 жылдың бюджетінде (сатып алынатын) 100-ге жуық дрон ескеріледі. Осы техниканың жердегі шегірткені анықтайтын арнайы бағдарламасы болады. Осы арқылы зиянкестерді нақты анықтап, оларды жоямыз.
Ақтөбе облысында дронның қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. Осы деректен дронның тиімді жұмысын байқауға болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.