×

Ақтау Қазақстандағы ең таза қала болып шықты

Рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының көпшілігі Астана қаласының аумағынан анықталды

 Еркеғали Болатұлы 13.06.2024 | 16:29
фото: priroda.club

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатқан ғарыштық мониторинг деректерін жариялады. Соған сәйкес, Ақтау ең таза қала деп танылды.

Спутниктердің көмегімен жерді жыл сайынғы қашықтан зондтау 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, қалдықтарды тек жылы кезде табуға болады. Өйткені жерде қар болса, суреттер бақылауға жарамсыз болып қалады.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 600-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталған. Ғарыштық мониторинг деректеріне сүйенсек, Ақтау – ең таза қала. Себебі шаһарда тек 11 қоқыс орны табылған. Сондай-ақ қазір сол қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізіліліп жатыр.

Рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының көпшілігі Астана қаласының аумағынан анықталды. Онда 206 жерде қалдық үйілген. Одан кейін Ұлытау, Ақмола облыстарында қоқыс көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама