ФИДЕ Ресей шахмат федерациясын екі жылға шеттетті
Шешім 60 күннен кейін күшіне енеді

Фото: «Новости» РАА/ Павел Лисицын
Ресей шахмат федерациясы екі жылға Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) мүшелігінен айырылды.
Мұндай шешімді ФИДЕ-нің Этика комиссиясы Украина шахмат федерациясының шағымы түскеннен кейін қабылдады.
ФИДЕ Этика комиссиясының 60 күннен кейін күшіне енетін шешімінің толық мәтінін Германияның Perlenvombodensee шахмат порталы жариялады.